1994 жылы Бішкекте Қазақстан Республикасының Елшілігі ресми ашылды.

1994 жылы Алматыдағы №12 қазақ орта мектебіне Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.

1995 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың заң күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлығы жарық көрді.

2002 жылы Қазақстан мен Қытай арасында көршілік қарым-қатынас, достастық және серіктестік туралы Келісімге қол қойылды.

2015 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Қазақстан – Ұлы Дала елі» мультимедиялық қосымшасын шығарды. Бұл қосымшада көптеген суреттер, роликтер, бейнесюжеттер, біздің тарихымыз, мәдениетіміз туралы ақпараттар бар.

Тағы да оқыңыз: