Kyzylorda-news.kz. Полиция батальон қызметкерлері Қызылорда қаласындағы көшелерінің бірінде  «BMW 520» автокөлігін тоқтатты.

Құжаттарын тексеру барысында 23-жастағы жүргізушінің  автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Жүргізушіге жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданған.

Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жоғарыда аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Тағы да оқыңыз: