Бүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күні

Бұл мерекені 1996 жылы ЮНЕСКО Уильям Шекспир (1564-1616), Мигель де Сервантес (1547-1616) және жазушы – тарихшы Инко Гарсиласо де ла Веганы (1539-1616) еске алу мақсатында бекітті. Бұл үш жазушыны біріктіріп тұрған олардың өмірден қайтқан күндері – 1616 жылғы сәуірдің 23-і. Қазір барлық өркениетті елдерде кітап жәрмеңкелері, көрмелер мен фестивальдар өткізіледі. ҚР Ұлттық кітапханасы – Бүкілдүниежүзілік кітап күнін өткізуді ұйымдастырушылардың бірі.

1996 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың «ХХI ғасыр табалдырығында» атты кітабының жарық көруіне орай баспасөз мәслихаты өтті.

1997 жылы Жаңақорған ауданының №192 «Келінтөбе» орта мектебіне Қоғам қайраткері Қозытай Әбуовтің есімі берілді.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Елшілігі Тәжікстанның «Иттилоот ва муошират» деп аталатын республикалық баспасөз орталығында Елшіліктің жәрдемімен Парсы тілдес журналистер форумы «Афрузда» басылып, «Қазақстан – ХХІ ғасыр» деп аталатын парсы және орыс тілдерінде шығарылған журналдың тұсаукесері өтті. Аталған журналда еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірі жайында толыққанды ақпарат берілген. Сонымен бірге Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына жеке тармақ арналған. Басылымның негізінен парсы тілдес оқырмандарға, бірінші кезекте масс-медиа өкілдеріне бағдарланғанын ескеретін болсақ, оның беттерінен қазақстандық радио, теледидар, Интернет-провайдерлер, баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтерді табуға, сондай-ақ бұл саланы реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық базасының нормативті құжаттарымен танысуға болады.

2011 жылы Мәскеуде «Достастық жұлдызы» мемлекетаралық сыйлығымен Қазақстан театр және кино әртісі, КСРО және ҚазКСР халық әртісі, режиссер Асанәлі Әшімов марапатталды.

2012 жылы Қазақстан мен Мажарстан дипломатиялық қатынас орнатудың 20 жылдығын атап өтті.

2015 жылы Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы жұмысын бастады

Тағы да оқыңыз: