Kyzylorda-news.kz. Биыл 23 микроқаржы ұйымы мен 35 коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысына есеп берген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова баяндады.

Агенттік төрағасының мәліметінше, микрокредиттердің сыйақы мөлшерлемесі төмендетіліп, борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу тәсілі қатаңдатылған. Сондай-ақ, банктер мен микроқаржы ұйымдарының проблемалық кредиттермен жұмыс істеу жөніндегі жеке жоспарлары қабылданды. Жалпы микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың қызметіне қойылатын талап күшейген.

Сонымен қатар, банктердің активтері жыл басынан бері 14,4 пайызға өсіп, 43,1 триллион теңгеге жеткен. Халықтың салымдары 16,8 пайызға немесе 15,7 триллион теңгеге дейін көбейген.

Фото: fingramota.kz

Тағы да оқыңыз: