23 ақпан: Ел тарихында орын алған оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

23 ақпан: Ел тарихында орын алған оқиғалар

23.02.2020, 8:30

159 0

1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістанға ресми сапармен барды. Сапар барысында ол Пәкістан Премьер-Министрі Наваз Шарифпен келіссөздер жүргізді.

1993 жылы Алматыдағы Достық үйінде «Қазақстан-Венгрия» достық қоғамы құрылды.

1995 жылы Лондонда Ұлыбританиядағы Қазақстанның мәдени орталығы -Абай үйі ашылды.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ресейдің танымал балетмейстері Юрий Григорович «Достық» орденімен марапатталды. Ол бұл наградаға Қазақстан мен Ресей халықтарының арасында достық қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі еңбегі үшін ие болды.

2012 жылы ҚР Ұлттық банкі Ислам қаржылық қызметтері бойынша кеңестің қауымдастырылған мүшесі ретінде қабылданды.

0

Пікір қалдыру