1974 жылы Екібастұз қаласынан солтүстікке қарай 16 шақырым жерде Екібастұз отын-энергетика кешенін салу жобасы бойынша ГРЭС-1 құрылысы басталды.

1980 жылы 500 мегаВатт қуатқа ие алғашқы энергоблок іске қосылды. 1984 жылы сегізінші блоктың іске қосылуымен стансаның жобалық қуаты 4000 мегаВатқа жетті. Соның арқасында жергілікті кеніштерден алынған таскөмірмен жұмыс істейтін Екібастұз ГРЭС-1 әлемнің ең үлкен жылу электр стансаларының біріне айналды.

1992 жылы «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заң қабылданды.

1998 жылы Ұлттық архив қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы архив ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңы қабылданды.

1998 жылы отбасы мүддесін қорғау, әйелдердің елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі белсенділігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанында отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия құрылды.

2000 жылы «Айгөлек» балалар журналының алғашқы саны жарық көрді.

2015 жылы Астанада Қазақстандағы күрес түрлерінен ең үлкен академиясы «Qazaq Batyry» құрылды.

Тағы да оқыңыз: