*Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 22-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады.*
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, ҚР солтүстік жартысы антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты бұл өңірде күн ашық болады.
Республиканың қалған аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен, ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстік – батыста найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.