Kyzylorda-news.kz. 22 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар жауады. Шығыс және орталықта қар қатты жауатыны күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 30 м/с және одан асуы ықтимал.

 Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Облыстың кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Тағы да оқыңыз: