Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер анықтайтын болады, соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек шығыста және солтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында, орталығында тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл, батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. күннің екінші жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, батысында, оңтүстік-батысында, солтсүстік-шығысында және облыстың таулы аудандарында соққан желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді.

Түркістан облысында түнде таулы аудандарында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз таулы аудандарында екпіні 23 м/с күшейеді. Қызылорда облысында таңертең және күндіз солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Маңғыстау облысының түнде батысында, солтүстік-шығысында тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Казақстан облысында түнде шығыс облысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі, күндіз батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Алакөл ауданында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай облысының батысында, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі, батысында, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман болып, күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейіп, солтүстігінде түнде тұман күтіледі.

Тағы да оқыңыз: