Kyzylorda-news.kz. Жыл сайын сала қызметкерлері өз кәсіби мерекелерінде түрлі бағытта мәдени-шаралар, концерттер өткізіп, сахнада көреремендермен тікелей байланыста болса, биыл шаралар онлайн форматта өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова мәлімдеді.

«Облыс бойынша мәдениет және өнер саласында 3152 қызметкер жұмыс жасаса, оның 1674-і шығармашылық мамандар. Және де дәстүрге айналғандай биыл да облысымыздың мәдени-рухани дамуына зор үлесін қосқан мәдениет және өнер саласының қызметкерлері марапатталады. Яғни «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен – 7 адам, Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен – 10 азамат, Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасымен – 5 адам болса, Алғыс хатымен – 36 азамат және “Еңбек даңқы” төсбелгісімен – 3 қызметкер. Бұл марапаттар карантин талаптарын қатаң сақтай отырып, сала мамандарына тапсырылады»,-деді Мира Рахымжанқызы.

Құрметті өнер ардагерлері мен қайраткерлері, шығармашылық одақ өкілдері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен — Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тағы да оқыңыз: