Kyzylorda-news.kz Krisha.kz порталының жазуынша, банк трансформациясымен қатар тұрғын үй кезегінің форматы да өзгереді – енді ол барлық дерлік қазақстандыққа қолжетімді болып, әкімдіктерден жаңа ұлттық мекемеге ауысады.
Бұған дейін тұрғын үй кезегіне тек белгілі бір санаттағы азаматтар ғана тұра алатын еді. Ал 2025 жылдан бастап бұл мүмкіндік барлық қазақстандыққа беріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстанда "Отбасы банкін" ұлттық даму институтына айналдырылу процесі жүріп жатыр. Бұл өзгеріс тұрғын үй бағдарламаларының жұмысына әсер етпейді. Тұрғындар бұрынғыдай ипотека рәсімдеп, баспана ала береді. Сонымен қатар осы бағдарламалар аясында несиелеудің белгілі бір жеңілдік шарттары да сақталады.
Krisha.kz порталының жазуынша, банк трансформациясымен қатар тұрғын үй кезегінің форматы да өзгереді – енді ол барлық дерлік қазақстандыққа қолжетімді болып, әкімдіктерден жаңа ұлттық мекемеге ауысады.
Мемлекеттен тұрғын үй алуға кезекке тұру үшін негізгі шарттар мыналар:
Соңғы бес жылда жеке тұрғын үйінің болмауы;
Немесе жалғыз баспанасының қауіпті деп танылуы.
Баспана бөлуде тұрғынның кезекке тіркелген күні ескеріледі.
Әлеуметтік осал топтар үшін басымдық сақталады: оларға бөлінген тұрғын үйдің 70 пайызы тиесілі болады.
Табыс деңгейіне қарай әртүрлі қолдау шаралары ұсынылады:
Егер отбасының әрбір мүшесінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінде болса (2024 жылы бұл көрсеткіш 43 407 теңге), жалдау ақысының 50 пайызын субсидиялау немесе әкімдіктен жалға берілетін тұрғын үй қарастырылады.
Табысы жоғары тұрғындар үшін төменгі бастапқы жарнамен және 2 немесе 9 пайыз мөлшерлемемен ипотека ұсынылады. Жылдық тиімді мөлшерлеме тиісінше 2,1 пайыз және 11,8 пайыз болуы мүмкін.
Krisha.kz хабарлауынша, барлық қазақстандықтар үшін баспана кезегіне тұру мүмкіндігі 2025 жылдың 24 мамырында ашылады.
Фото Pixabay com.jpeg