Kyzylorda-news.kz. Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында табиғи және тауарлық газдың бағасы екі жыл бойы сақталатынын айтты.

«Ішкі нарық қосымша 150 мың тонна көлемінде сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етіледі. 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін өткен жылғы желтоқсан деңгейінде бекітілетін болады», – деді Үкімет басшысы.

Тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыру және олардың инвестициялық бағдарламаларды іске асыруына бақылауды қамтамасыз ету жөнінде заңнамалық шаралар қабылданатынын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: