Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның сөзіне қарағанда, жылдық мәнде инфляция 20,3%-ға жеткен. Азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға ең көп үлесті қосып, жылдық көрсеткіш бойынша 25,3%-ға жеткен. Жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері қыс маусымына байланысты қымбаттаған.
Азық-түлікке жатпайтын инфляция 19,4%-ға дейін өскен. Импорттың жоғары үлесі бар тауарларға, оның ішінде жеке пайдаланатын тауарларға, жуатын және тазалайтын заттарға, құрылыс материалдарына, дәрі-дәрмекке баға тез өсіп отыр. Әкімшілік реттеу себебінен жанар-жағармай мен 2021 жылғы жоғары база есебінен автокөлік бағасының өсу қарқыны баяулаған.
