Kyzylorda-news.kz. Қазан айында Плутон, Сатурн, Юпитер мен Меркурий ретроградты болудан қалады, ал бұл дегеніміз бірнеше жұлдыз белгісінің өмірі жақсы жаққа қарай өзгереді. Назарларыңызға 2021 жылдың қазан айына арналған жұлдыз жорамалды ұсынамыз.
Тоқты (21.03 – 20.04)
Ай басында тоқтылар өздерін әлсіз сезінуі мүмкін. Айналадағылардың бәрі қарсы тұрғандай көрінеді, шын мәнінде, олай емес. Сұлулық қарап тұрған адамның көзінде дейді.
Елдің шабуылына жауап беруге іштей дайын жүрсеңіз, олар расымен де сізге тиісе бастайды. Барлығына жеңіл қарауды, адамдарға сенім артуды үйреніңіз.
Торпақ (21.04 – 21.05)
Қазан торпақтар үшін инвестиция айы болмақ. Бұл белгі иелері болашақта жақсы табыс алып келетін жеке ісін ашуы мүмкін. Алайда осы ай уайым алып келуі де ғажап емес. “Қолымнан келмейді” деп көрінуі мүмкін. Алайда бұл бар болғаны ешқандай негізі жоқ ішкі қорқыныштар ғана.
Егіздер (22.05 – 21.06)
Егіздер үшін қазан бірқалыпты өтпек. Әрине, олар да болашақ жайлы ойлап, түрлі жоспар құрады. Бірақ жұлдыздар өз ойларыңызды жүзеге асыруда асықпауға кеңес береді. Егіздерге тек бір кеңес беруге болады. Айналаға жіті қараңыздар. Онда сізге көмек қолын ұсынуға әзір адамдар бар. Алайда сіз оларға емес, екіжүзді адамдарға энергияңызды көп жұмсап жүрсіз.
Шаян (22.06 – 22.07)
Шаяндар шарықтауға дайын болсын. Бар потенциалыңызды жүзеге асыруға болатын уақыт келді. Шабыт пен шығармашылық бойыңызды билеп, бұл көңіл күй өз ісіңізді табуға немесе мансап баспалдағымен көтерілуге көмектеседі. Бірақ тек жұмысыңыз өзіңізге ләззат сыйлаған жағдайда ғана.
Арыстан (3.07 – 21.08)
Айдың алғашқы жартысында өзіне және өзін өзгертуге мән беру керек. Шаш үлгісін өзгертуге, диетаға отыруға ең қолайлы ай. Ай соңында сәттілік сізден теріс айналуы мүмкін. Оған бола уайымдамаңыз, сәттілік қайта серігіңіз болып, ақша табу үшін жаңа ниша табасыз.
Бикеш (22.08 – 23.09)
Бикештер үшін маңызды ай. Ойдағының бәрін жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Алайда ол үшін қажырлы еңбек қажет. Бұл белгі иелері бұған тек қуанады, себебі тағдырдың сыйларын қашанда қырағы көзбен қабылдайды. Тағы бір атап өтетін жайт, алғашқыда сәтсіздікке тап болсаңыз, салыңыз бірден суға кетпесін.
Таразы (24.09 – 23.10)
Таразылар сақ болсын, себебі ай бойы жұмыста қателік жіберуге үлкен қауіп төніп тұр. Сондай-ақ, бұл белгі иелеріне сынды жылы қабылдауға кеңес беріледі. Адамның барлығы сізге жау емес. Жағымды жаңалық, барлық таразыларға екінші жартылары романтикалық тосынсый жасайды. Ал жалғызбасты адамдар осы айда өмірлік серігін кездестіруі әбден мүмкін.
Сарышаян (24.10 – 22.11)
Сарышаяндарға жұмыс бойынша өте тиімді ұсыныс түседі. Оған таңғалудың немесе қандай да астар іздеудің қажеті жоқ. Тағдыр сізге жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді, алайда жоспарларыңызды 18 қазаннан кейін жүзеге асыруға кеңес беріледі. Сондай-ақ, сарышаяндарға шамадан тыс жұмыс істеп, ауырлық түсірудің қажеті жоқ. Эмоционалды шаршау мен неврозды болдырмау үшін күніңізді алдын ала жоспарлаңыз.
Мерген (23.11 – 21.12.)
Мергендер айдың көп бөлігін оңашада өткізгені дұрыс. Аздап жеке өмір сүру ішіңізде болып жатқан дүниелерді анықтап, маңызды істерді алдыңғы орынға қоюға көмектеседі. Сондай-ақ, потенциалыңызды ашуға кедергі келтіріп жүрген ішкі қорқыныштарыңыздан арыла аласыз. Таңдау жасайтын сәт келгенде ішкі түйсігіңізге құлақ асыңыз.
Тауешкі (22.12 – 20.01)
Тауешкілер үшін бұл ай оңайға соқпайын деп тұр. Тағдыр тағы да сіздің төзімділігіңізді сынайды. Жоғарғы күштер сіздің биік шыңға шығатыныңызға, алайда оған бойыңыздағы жалқаулықтың кері әсері тиіп тұрғанына сенімді. Ай соңында қомақты қаржыға ие болуыңыз мүмкін. Ақшаны ақылмен жұмсауға кеңес беріледі.
Суқұйғыш (21.01 – 18.02)
Соңғы уақытта суқұйғыштар ештеңеге қуанбайды. Олар өміріндегі жақсы дүниелерді байқаудан қалып барады. Мұңаюды қойып, жаңа өмірдің есігін ашуға болатын сәтті жіберіп алмаңыз. Дәл осы қазан айында болатын кездейсоқтықтар кездейсоқтықтан емес. Тағдыр қолыңыздан жетелеп, жеңіске алып келеді.
Балықтар (19.02 – 20.03)
Қазан ғашықтық сезімін бастан өткеріп жүрген балықтар үшін оңайға соқпайды. Олардың бар ойы сүйіктісінің ыңғайы болмақ. Алайда бірінші кезекте өзіңізді ойлауға кеңес беріледі. Осы айда байып кетуге мүмкіндігіңіз жоғары. Ол үшін алдымен серігіңізден ажырап, іске кірісу керек. Дана болыңыз. Өміріңіздің тек бір саласын таңдаудың қажеті жоқ. Жеке өмір мен жұмыстың арасында үндестік табуға тырысыңыз.