Kyzylorda-news.kz. Астролог бірқатар жұлдыз белгілері денсаулықтарына, рухани дамуына және жоспарларын жүзеге асыруына уақыт бөлуі керектігін айтады.

Тоқты

Өміріңіздегі шиеленіс азая түседі, шамамен 20 наурызға дейін жан дүниеңізді танып-білуге, ішкі жан тыныштығын сезінуге мүмкіндік болады. Соның арқасында өзіңізді әлемге таныта аласыз. Егер тыныштығыңызды қажетсіз әбігершілікпен бұзбасаңыз, мұның бәрі осылайша жүзеге асады. Жалпы, бұл айда тыныштықта болуға кеңес беріледі.

Торпақ

Ақпан айында кейбір істер жүзеге аспай, алға қойған күрделі мақсатты шешуіңіз керек болатын, енді барлық жолдар ашық және әрі қарай қимылдауға болатын сияқты көрінеді. Бірақ, өкінішке орай, бұрынғы мәселелердің орнына жаңалары келуі мүмкін. Енді сіз ойға түйгеніңізді қалай ақшаға айналдырып, ақпан айында қабылданған шешімдерден қалай пайда көру керектігін ойланасыз. Дегенмен бұл оңайға түспейді.

Егіздер

Ай сіз үшін өте белсенді және тиімді болады: кәсіппен немесе спортпен айналыссаңыз да, күтілетін нәтиже керемет болмақ. Кенеттен сіз осыдан біраз уақыт бұрын өзіңіз жасаған жоспарларды бірден және біршама түзету керектігін түсінесіз. Наурыз сіз үшін екі жолдың тоғысуы іспеттес. Қандай таңдау жасау керектігін тез шешуге кеңес беріледі. Егер сіз біреудің кеңесін, сараптамалық пікірін, қосымша ақпаратын қолдансаңыз, таңдау жасау оңайырақ болады, мұның бәрі сіз үшін наурыз айында артық болмас. 

Шаян

Сіз үшін наурыз айы – ойға бекіну, таным көкжиегіңізді кеңейту, маңызды нәрсе туралы ойлау қажет болатын уақыт. Рухани жағдайыңызға назар аударған жөн. Наурыздағы барлық іс-әрекеттеріңізді – тек сіз үшін емес, бүкіл әлемге қаншалықты пайдалы екенін, олардың қаншалықты дамытып, адам табиғатында бар керемет, таза жақсылыққа жетелейтінін бағалауға тырысыңыз.

Арыстан

Жақында туындаған және сіз қазір одан құтылуға тырысып жатқан дағдарыс пен дау-дамайды шын мәнінде шешуге болады. Не істеу керек дейсіз ғой? Қазір сіз жауап таппай, өз қолыңызбен жасаған қиын жағдайдан шығудың жолын көрмейсіз, бірақ ол бар және сіз ойлағандай қиын емес. Соңғы уақытта көп күш қажет еткен кейбір істерді қоя тұрыңыз. Сізді абыржытып, қинаған, күшіңізді және ресурстарыңызды азайтқан істердің бір бөлігінен бас тартуыңыз керек. 20 наурыздан кейін барлығы өз қалпына келеді.

Бикеш

Наурыз айында жақын адамыңыз сіз үшін нәзіктіктің, сүйіспеншіліктің, жағымды эмоциялардың, кешірімінің қайнар көзі болады, бірақ сіз оның істеріне түсінбестікпен қарайсыз. Білместік, шиеленіскен жағдай орын алады. Мәселені ұғынуға тырыспаңыз. Қазір айқайлап, дәріс оқитын немесе жақын адамыңыздың өмірін қандай да бір жолмен ұйымдастыруға тырысатын уақыт емес. Таңдауыңыз бар: осы ретсіз істер ағынына ену, немесе шетке қадам жасап, кету. Қалағаныңызды істеңіз.

Таразы

Денсаулық туралы ойланатын кез келді. Кейбіреулер үшін көктем – құстардың әні, бірақ сіз үшін тізедегі ауырсынуды байқап, қан қысымын өлшеу керек. Таразы жұлдыз белгілері – шындықты эстетикалық тұрғыдан қабылдайтын адамдар, сондықтан сізге билирубин немесе колоноскопия сөздері де эстетикалық жағымды естілуі мүмкін. Егер сіз өзіңізді дұрыс жолға қойсаңыз, онда жалпы алғанда не істеу керектігін білесіз.

Сарышаян

“Ойыннан өрт шығады” демекші сіздерге осы айда абайлық танытқан жөн. Шығармашылықпен айналысып көріңіз, бірақ тым асыра сілтемеңіз. Ата-аналар “бала – сіздің айнаңыз” екенін ұмытпаңыз. Егер балаңыз қандай да бір жағымсыз мінез-құлық көрсетсе, оған өзіңіз себепші болдыңыз деп ойлаңыз. Демек, сіз дұрыс тәрбие бере алмағандығыңыз. Ақыр соңында, наурыз айында Сарышаяндардың махаббатта жолдары болады. Қапы қалмаңыз!

Мерген

Жақсы жаңалықтар үйдегі және отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты жақсартады деп есептеледі, ал 2021 жылғы наурызда Мергендердің барлық үй ішін біріктіретін ортақ тақырып келіспеушіліктер болуы мүмкін. Өкінішке орай, кішігірім, бірақ өте жарқын оқиға сіздің назарыңызды аударып, айналаңызға барлық жақындарыңызды жинауыңызды қажет етуі мүмкін. Міне, осылайша күнделікті қиындықтар кейде үй ішіндегі жағдайды жақсартатын фактор болуы мүмкін.

Тауешкі

Сіз белгілі бір қадам жасамас бұрын әрдайым байыптылық танытасыз, алайда жағдайға жеңіл қарау қажет жерде, үнемі әбігерге түсесіз. Наурызда бұл әдіс іске аспайды – өмір ағымына беріліңіз, күш салмаңыз, алдын ала ешнәрсе ойламаңыз, оқиғалар сізді алға жетелесін. Сонымен қатар жаңа танысуларға назар аударыңыз, өйткені наурыздың бірінші жартысында олар сізді рухани байытып, өміріңізде маңызды орынға ие болады. Алайда наурыз айының соңындағы кездейсоқ танысулар күмәнді болуы мүмкін. Бастысы, олар алаяқтар немесе сіздің әмияныңызға, басқа да құндылықтар мен мүліктеріңізге қол сұғатын адамдар болмаса игі.

Суқұйғыш

Жақында жаңа мақсаттар қойып, сол бағытта қозғалуға мүмкіндік берген Суқұйғыш белгісінің қуатты ғаламшарлар тобы басқа жұлдыз белгілеріне сәйкес біртіндеп ауыса бастайды. Келген қонақтар екі бокал, екі тосттан кейін біртіндеп тарай бастағанға ұқсас, бірақ бұл кешті одан әрі қажытады. Сізде де солай – бәрі басталды, бірақ дәл осы наурызда қосымша  маңызды ақпарат толықтырылып, сізге жаңа мүмкіндіктер ашылады. Айдың жағымсыз фактісі – бәріне ақша төлеуіңіз керек болады, қаражат дайындағаныңыз жөн.

Балықтар

Балықтар – наурыздың нағыз патшалары мен патшайымдары, оларға барлық назар аударылатын болады. Олар керемет көрінеді, өздерінің дарындылығын, мүмкіндіктерін, кәсібилігін көрсете алады, әлемге өзін асқан әдемілігімен таныта алады. Наурызда барлық Балықтар өмірлерінің барлық ұсақ-түйектері көпшілікке мәлім болатындай блогер режимінде өмір сүреді деп айтуға болады. Бұл жақсы сияқты, бірақ сіз үшін жағдай күрделі, эмоционалды түрде қиын. Егер сіз кенеттен бірдеңені жасырғыңыз келсе немесе көпшіліктің көзіне көрсеткіңіз келмесе, мұны істеу қиын болады.

Stan.kz

Тағы да оқыңыз: