Kyzylorda-news.kz. Кәсіби байланыс орнатуға арналған LinkedIn әлеуметтік желісі 2020 жылы сұранысқа ие болатын мамандықтарды атады, деп жазады Massaget.kz. Тізімдегі мамандықтың көбі ақпараттық технологиямен байланысты. 

1. Жасанды интеллект маманы 

Мамандық сипаты: жасанды интеллект технологиясын енгізумен айналысатын маман. Керек дағды: машинамен оқытуды меңгеру, TensorFlow, Python, табиғи тілді өңдеу. 

2. Робототехник-инженер 

Мамандық сипаты: робот жасайтын маман. Керек дағды: робот жобасын жасай алу, UiPath, Blue Prism, процестерді автоматизациялау. 

3. Деректер аналитикасы маманы 

(Data Scientist) Мамандық сипаты: үлкен массив дерекерді өңдеп, талдап, сақтайтын маман. Керек дағды: деректердің статистикалық талдауын жасау, математикалық модельдерді жасай алу, үлкен массив деректермен жұмыс істей білу. 

4. Full-stack маманы

Мамандық сипаты: тұтас веб-қосымша (қолданбалы және сервер) жасайтын маман. Керек дағды: React.js, Node.js, JavaScript, AngularJS. 

5. Сайт беріктігінің инженері 

(Site Reliability Engineer) Мамандық сипаты: қосымшаның, сайттың берік, сенімді жұмысын қамтамасыз ететін инженер-программист. Керек дағды: сайтқа, қосымшаға жаңа технологияларды таңдап, енгізу. 

6. Клиент жағдайын жасайтын маман 

(Customer Success Specialists) Мамандық сипаты: клиенттің сервиске көңілі толғанын, сервис мүмкіндіктерін пайдалана алуын қамтамасыз ететін маман. Керек дағды: маркетинг, жарнама, қаржы қызметі, ақпараттық технология. 

7. Сату маманы 

Мамандық сипаты: клиенттерге тауардың артықшылығын айтып бере алатын маман. Керек дағды: сата білу, лидер болу, эмпатия. 

8. Дата-инженер 

Мамандық сипаты: деректерді алуға, өңдеуге, жүктеуге қабілетті маман. Керек дағды: Apache Spark, Hadoop, Python, Extract/Transform / Load (ETL), Amazon Web Services. 

9. Психиатр, мінез-құлық психологы 

Мамандық сипаты: кәсіби көмек көрсететін, консультация беретін психотерапевт. Керек дағды: мінез-құлықты талдай білу, аутизм спектріндегі ауытқуды анықтай алу, кәсіби білім. 

10. Киберқауіпсіздік маманы 

Мамандық сипаты: ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маман. Керек дағды: жобаның осал жерін анықтай алу, қолданушы деректерінің қауіпсіздігін қамтамсыз ету. 

11. Back-end маманы 

Мамандық сипаты: веб-қосымшаның әкімшілік-бағдарламалық бөлігімен, жүйенің ішкі мазмұнымен, деректер базасымен, архитектурасы мен бағдарлама логикасымен айналысатын маман. Керек дағды: Node.js, JavaScript, Amazon Web Services, Git, MongoDB. 

12. Табыс директоры 

(CRO) Мамандық сипаты: веб-қосымшаның әкімшілік-бағдарламалық бөлігімен, жүйенің ішкі мазмұнымен, деректер базасымен, бағдарлама логикасымен айналысатын маман. Керек дағды: қаржы, жарнама, маркетинг, ақпараттық технология. 

13. Бұлт технологиясы маманы 

Мамандық сипаты: бұлт технологиясын жасайтын, енгізетін маман. Керек дағды: Amazon Web Services, Docker, Ansible, Jenkins. 

14. JavaScript маманы 

Мамандық сипаты: JavaScript  бағдарламалау тілін қолданатын программист. Керек дағды: React.js, Node.js, AngularJS, JavaScript. 

15. Өнім иесі (Product Owner)   

 Мамандық сипаты: өнімнің (тех.) бастан-аяқ жүзеге асуына жауапты маман. Керек дағды: өнімді басқару, бағдарлама жасақтамасын дайындау.

Тағы да оқыңыз: