Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысына сәйкес Қызылорда облысында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген және Қазақстан азаматтарына тіркелген көлік құралдарын тіркеу жұмыстары жүргізіледі.

Қосымша ақпаратты Қызылорда облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының Call – орталығынан (тел: 8-7242-29-73-52) алуға болады.

Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615, 553-баптарында белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеу үшін алым мен мемлекеттік баждар төлей отырып, басқару органдары сол жақта орналасқан, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген көлік құралдарын тіркеу жүзеге асырылады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: