maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы еліміз бойынша мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беріп келеді. Осы ауқымды жоба аясында ұлттық мекеме республикада алғаш болып «2000 мектеп» акциясын қолға алды.

Жол саласының мамандары қалалық және ауылдық мектептердің жоғары сынып оқушыларымен үнемі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, өндіріс туралы дәріс өткізіп келеді. Осы кезге дейін жолшылар әр өңірде 3500 мыңнан астам мектепті қамтып, оқушыларға кәсіби бағдар берген. Мамандар 2020 жылы 1153 мектепте дәріс оқыса, өткен жылы 1389 мектептің оқушыларын қамтыған. Ал биылғы жылы 1018 мектепті қамтып отыр.

Міне, бүгін Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы білім ордаларымен тығыз байланыс орнату мақсатында тағы бір қадам жасады. Орталықтың бас директоры З.Сағынов пен Ә.Бөкейханов атындағы BINOM мектебінің директоры Б.Төленов екі жақты меморандумға қол қойды.

Бұл мәміленің мақсаты — оқушылардың автожол саласы туралы түсініктерін арттыру, жол жүру қауіпсіздігі мен осы саладағы жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, диагностикалау мен паспорттау тәсілдерін бақылау, бірлескен жобалар мен ғылыми-зерттеулер ұйымдастыру.

«Қазақстанның осы саладағы әлеуеті зор, алда көп жұмыс күтіп тұр. Алайда нарықта жақсы кадрлардың тапшылығы байқалады. Жол жұмысшыларының жетіспеушілігі туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ растайды. Олардың мәліметінше, Қазақстанда жол жұмысшысының бос орны ең көп сұранысқа ие болды», — деді Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының бас директоры Замир Сағынов.

Жалпы орталықтың өңірлердегі филиалдары да алдағы уақытта осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізетін болады.

Тағы да оқыңыз: