Kyzylorda-news.kz. Бүгін ел аумағының басым бөлігіне әлі де антициклон әсер етеді, сонымен байланысты ауа райы ашық болады. Тек солтүстік-батыста ауа ағынының әсерінен кей жерлерде жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ кей жерлерде жел күшейіп, найзағай жарқылдап, тұман түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Кәсіпорынның мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түседі, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 18 м/с жетуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Ал, Қызылорда облысында күн ашық болады деп болжануда.

Тағы да оқыңыз: