Әзербайжанда бүкілхалықтық аза тұту күні

1990 жылы 00 сағат 20 минутта КСРО-ның басқа өңірлерінен келген кеңес әскері Әзербайжан КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының келісімінсіз Баку қаласына баса-көктеп кіріп, КСРО және Әзербайжан КСР Конституцияларын, сондай-ақ республиканың егемендігі туралы Конституциялық заңды өрескел бұзды.

Қарулы акция салдарынан жүзден астам бейбіт тұрғын, негізінен әзербайжандар қаза тапты. Қайғылы оқиғалардың себеп-салдарын тексеру жөніндегі республикалық комиссияның деректеріне сәйкес, 131 адам қаза тауып, 744 адам жараланған. Сол күн «Қаралы қаңтар» деген атпен Әзербайжан тарихында қалды.

1919 жылы қазіргі Алматыда Жетісу жыршы-ақындарының слеті өтті. Оған халық ақыны Жамбыл Жабаев та қатысты.

1932 жылы Қазақ Өлкелік Комитетінің ІІІ Пленумының Қаулысымен «Советская степь» газеті «Казахстанская правда» болып өзгерді.

1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен «Қазақ КСР-інің халық жазушысы» құрметті атағы бекітілді. Құрметті атақты алғашқылардың бірі болып Ғабит Мүсірепов, Дмитрий .Снегин, Тұрсынхан Әбдірахманова иеленді. 1999 жылдан бастап «Қазақстанның халық жазушысы» атағын беру тоқтатылды.

1994 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Галс» телехабар таратудың алғашқы ғарыштық қондырғысы ұшырылды.

1994 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның мамандандырылған коммерциялық жинақ банкі Халық банкі болып қайта құрылды.

1996 жылы Қазақстанның екі палаталы Парламенті – заңнамалық қызметтерді атқаратын Қазақстан Республикасының жоғары өкілетті органы өз жұмысын бастады.

2009 жылы «Қазпошта» АҚ Екінші Ұлттық халық санағына арналған пошта конвертін айналымға шығарды. «Kazpost» таңбалы конвертте Екінші ұлттық халық санағының белгісі мен «Елтаңба» стандартты пошта маркасы басылған. Көлемі 220 х 110 мм-лік конверт – 1 миллион дана.

Тағы да оқыңыз: