Kyzylorda-news.kz. ҚР солтүстік жартысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, шығысында циклон жырасының және, фронталды бөліктердің әсерінен жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Еліміздің батысында, оңтүстігінде және орталығында антициклон жотасының ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік жартысында көктайғақ болып, солтүстік пен шығысында жаяу бұрқасын соғады.
Қызылорда облысының орталығы мен шығысында тұман түседі.