Kyzylorda-news.kz. Бүгін Сыр елінің ата басылымы – “Сыр бойы” газетінің ұжымы үшін ерекше күн.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын үздіксіз жариялап, халықтың тұрмыс-тіршілігін ұдайы билік назарына ұсынып келетін басылымның бүгін 20 000-шы нөмірі өз оқырмандарына жол тартты. Өткен жылы 90 жылдық мерейтойын атап өткен ата басылымның әлі талай нөмірі оқырман қолына тиері анық. Алайда бүгін, яғни 2020 жылы 20 тамызда газеттің 20 000-шы нөмірінің шығуы ел есінде де, басылым ұжымында да айтулы күн болып қалары белгілі.

Осы орайда, “Kyzylorda-news.kz” ақпараттық агенттігі өз әріптестерін құттықтай отырып, “Сыр бойы” басылымының ұжымына шағырмашылық табыс, отбасыларына бақ-береке тілейді.

Тағы да оқыңыз: