19 қарашаға арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

19 қарашаға арналған ауа райы болжамы

19.11.2021, 9:00

602 0

Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 19 қарашада ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – қар жауады, жел күшейеді, тұман түседі, солтүстікте, шығыста, орталықта – бұрқасын, батыста – көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек оңтүстікте, солтүстік-шығыста және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-23 м/с күшейіп, облыстың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын, түнде облыстың шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігінде және шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасынмен желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік–батысында тұман, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

0

Пікір қалдыру