19 қаңтар: Ел тарихында орын алған оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

19 қаңтар: Ел тарихында орын алған оқиғалар

19.01.2020, 8:30

291 0

1940 жылы Қазақ мемлекеттік шет тілдер мұғалімдер институтының негізі қаланды (қазіргі – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті). Бүгінгі таңда университет Қазақстан және шетел мемлекеттерінде беделді оқу-ғылыми кешендерінің бірі болып саналады.

1992 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

1993 жылы Қазақстан Республикасының «Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңы қабылданды.

2011 жылы ҚР Президенті «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектебі» мен «Назарбаев қорының» мәртебесі туралы» ҚР Заңына қол қойды.

0

Пікір қалдыру