Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қаласындағы Байзақ Момынбаев атындағы №278 орта мектепте №349 және №354 сайлау учаскелері орналасқан.

ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау күнінде аталған сайлау учаскелеріне келген көпшіліктің қарасы қалың болды. Ел өміріндегі саяси маңызды шараға белсенділік танытқан сайлаушылар таңертеңгі уақыттан келуде.

Айта кету керек, №349 сайлау учаскесінде барлығы 2664 адам сайлаушы ретінде тіркелген. Олардың арасынан денсаулық жағдайына байланысты 10 адам үйден дауыс беруге мәжбүр.

«Сайлау учаскесі комиссиясы құрамында тоғыз адам бар. Олардың барлығы маңызды шара басталғаннан бері көпшіліктің өз таңдауын жасауына қызмет етіп отыр. Халықтың белсенділігі жақсы», – деп №349 сайлау учаскесінің төрағасы Нұрлан Нұртаев пікір білдірді.
Ал, №354 сайлау учаскесінде 2460 адам сайлаушы ретінде өз дауысын бере алады. Сайлау учаскесіне басшылық жасап отырған Эльмира Азатбаева маңызды шараға жастардың да белсенділігі ерекше екенін айтады. Мәселен, бүгін алғаш рет дауыс беруге келген 18 жастағы Мейірім Сейдубатталқызына комиссия мүшелері өзгеше сый-сияпат жасады. Оған «Абай» кітабы тарту етілді.

f2e2c8f0-af0b-403a-87ac-8917240fba9b.jpg

 

Тағы да оқыңыз: