Kyzylorda-news.kz.  №204 сайлау учаскесінде 18 жасқа толған сайлаушы Әсел Абдреева алғаш рет дауыс берді. 

«Бүгін сайлаушы ретінде бірінші рет келіп тұрмын. Сайлау мемлекеттің дамуына, болашағына әсер етеді. Сондықтан алғаш рет дауыс беріп отырған сайлаушы ретінде әр азаматтың дауысы маңызды екенін түсінемін» деді Әсел Қуанышбекқызы. 

Сондай-ақ, ең жас алғашқы дауыс беруші ретінде арнайы сыйлық берілді. Айта кетейік, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.
 

Тағы да оқыңыз: