Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. 2003 жылы осы тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені, Алматыға таяу Тамғалы тас шатқалындағы жартастарға қашалған суреттер топтамасы кірді. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту туралы» және «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру туралы» Жарлығы баспасөз бетінде жарық көрді.

2012 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзиядағы «Limkokwing University of Creative Technology» университетінің Құрметті докторы атағына ие болды. Нұрсұлтан Назарбаев – бұл дәреже берілген төртінші мемлекет қайраткері. Бұған дейін университеттің Құрметті доктор атағына Нельсон Мандела, Махатхир Мохаммад және Малайзияның қазіргі Премьер-министрі Наджиб Тун Разак ие болған.

2016 жылы Ресей Батыры, РФ ІІМ ішкі әскерлерінің полковнигі Серік Сұлтанғабиевті Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестігінің өкілдері Бауыржан Момышұлының орденімен марапаттады. ҚР Ардагерлер ұйымының қоғамдық наградасы Мәскеудің белгілі қорғаушысы, панфиловшы батыр, Кеңес Одағының батыры, полковник Бауыржан Момышұлының есімімен аталады. Бұл орденмен әскери ұрыстарда ерекше көзге түскендер және әскери борышын орындаған кезінде ерлік танытқан әскерилер, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ардагерлер қозғалысына қомақты үлес қосқан тұлғалар марапатталады.

2016 жылы ҚХР СІМ Дипломатиялық академиясының екінші курс студенті қазақстандық А.Қоңырбаева қытайлық тайцзицюань жауынерлік өнері бойынша үздік үштікке ілікті.

2016 жылы Қазақстанда киіз үйді құрастыруға мүмкіндік беретін – бүкіл әлемге танымал «LEGO» ойыншығы сатылымға шықты.

Тағы да оқыңыз: