1990 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақ КСР-інде тұратын көп балалы аналарға «Батыр Ана» атағын беру туралы» Жарлығы жарияланды.

1992 жылы Аустрия Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мойындады.

2005 жылы Мәскеуде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Шекараның жалпы қашықтығы 7 590 шақырымды құрайды.

2017 жылы «Қазпошта» АҚ «Рио-де-Жанейродағы XV Паралимипиадалық ойындар» тақырыбымен «Спорт» сериялы пошта маркаларын айналымға шығарды.

2018 жылы «Қазақстанның 100 жалпыұлттық қасиетті жері» республикалық тізіліміне Ақмола облысындағы 10 киелі орын енгізілді. Олар: Құмай археологиялық-этнографиялық кешені, Абылай хан алаңы, Кенесары үңгірі, Батығай кесенесі, Оқжетпес тауы, Қабанбай батыр кесенесі, «Беспақыр» мазары, Баубек батыр моласы.

Тағы да оқыңыз: