Kyzylorda-news. kz. ҚР аумағының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдер өз әсерін тигізеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Кей аумақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ, дауыл күтіледі.
Еліміздің солтүстік-шығысында ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі.
Қызылорда облысының батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Сондай-ақ төтенше өрт қаупі сақталады.