Kyzylorda-news.kz. 18 мамырда Қазақстанның шығысында жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады, деп хабарлайды Қазгидромет.
\Өзге аумақтарда жаңбыр күтіледі, оңтүстік пен солтүстікте қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ найзағай, бұршақ, дауыл, болжанады. Батыс пен оңтүстікте – шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда облысының орталығында желдің күші 15-20 м/с артады. Сондай-ақ аймақта шаңды дауыл тұрады.