Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың оңтүстік-батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттар қар, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын мен көктайғақ құбылыстарының болуына әсерін тигізеді. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Ал Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.