Kyzylorda-news.kz Полиция көші-қон заңнамасын бұзған 700-ге жуық шетелдік такси жүргізушісін анықтады.

Polisia.kz-тің мәліметінше, Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидасын қамтамасыз ету мақсатында, көші-қон бақылауын нығайту және ел аумағында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтау үшін «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. 

– Көші-қон қызметінің мәліметі бойынша, іс-шара барысында 5 күн ішінде 46 мың көлік тексерілді, 1 080 шетелдік азамат жеке тасымалдаумен айналысқаны анықталды. Олардың 691-і мобильді қосымшалар арқылы көші-қон заңнамасын бұзып, жеке тасымалмен айналысқан. 234 шетелдік азамат заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін, 457 шетелдік азамат ҚР-да болу мерзімін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен 175 шетелдік такси жүргізушісі ел аумағынан шығарылды, – делінген хабарламада. 

Олардың 103-і жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орындарына орналастырылды. Сонымен қатар 38 қазақстандық шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: