Kyzylorda-news.kz. 17 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Оңтүстікте жаңбыр жауады. Мұндағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі.
Республиканың тек солтүстігінде ашық күн райы болжанады. Елдің барлық аумағында екпінді жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте найзағай күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.