Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 17 наурызда ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты.
Қазақстан территориясының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек еліміздің батысында және оңтүстік-батысында атмосфералық фронттарға байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауады.
Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейеді.