Халықаралық студенттер күні

Прагада 1939 жылғы 17 қарашада неміс-фашист басқыншылары атып өлтірген чех патриот-студенттерін мәңгі есте қалдыру үшін Прагада 1946 жылы өткен Дүниежүзілік студенттер конгресінде бекітілді.

1837 жылы 17-24 қараша күндері Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Жасқұста хан жасағымен шайқасты.

1993 жылы Гейдар Әлиев атындағы «Әзербайжан-Қазақстан» достық қоғамы құрылды. Қоғам Қазақстан мен Әзербайжанның екіжақты өзара қатынастарының дамуында маңызды рөл атқарып, Астана мен Баку қалалары арасында достық байланысты нығайту ісіне үлесін қосып отыр.

2014 жылы Алматыда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ фольклорының 100 томдық «Балабар сөзінің» таныстырылымы өтті.

2017 жылы Голливудтағы Hollywood Music in Media Awards байқауында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы ән «Moonlight Blade» бейнеойынына үздік саундтрек ретінде жеңіске жетті.

Тағы да оқыңыз: