Kyzylorda-news.kz.  16 шілдеде Мемлекеттік кірістер комитетінің бірқатар ақпараттық жүйесі істемейді, деп хабарлайды  ведомствоның баспасөз қызметі.

16 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 10:00-18:00 аралығында электр беру жабдықтарында профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты Мемлекеттік кірістер комитетінің бірқатар ақпараттық жүйесі істемейді.

Атап айтқанда, «e-Salyq Business», «e-Salyq Azamat», «Web-Портал», «Салық төлеушінің кабинеті», «Е-терезе», «ЭШФ», «ОБДШ», «АСТАНА-1» және басқа да мемлекеттік мекемелермен интеграциялар «ЭҮШ» және «СЭҮШ» арқылы сыртқы (Интернет) контурда қолжетімді болмайды.


 

Тағы да оқыңыз: