Kyzylorda-news.kz. Циклон жырасының әсерінен ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында жаңбыр жауады, найзағай бақыланады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қалған аумақта антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысынада және оңтүстігінде жел, солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, тұман күтіледі, түнде оңтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай бақыланады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі, солтүстік-батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Қарағанды облысының батысында 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында 2 градус үсік сақталады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: