16 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

Халықаралық бейбіт қатар өмір сүру күні

2017 жылдың 8 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 16 мамырды Халықаралық бейбіт қатар өмір сүру күні деп бекітті. Оның мақсаты – халықаралық қоғамдастықтың бейбітшілік, төзімділік, бірлік, өзара түсіністік пен Жер халқының ынтымағын нығайтуға бағытталған күш-жігерін үнемі мобилизациялау.

Биографтар күні

Биография сөзінің өзіекі ежелгі грек сөздерінен шыққан,ол «өмір» және «жазамын» деген мағынаны білдіреді. Биографтардың талмайжасаған еңбектерінің арқасындақазіргі таңдаұлыадамдардыңөткенөмірітуралы,олардыңсолдәуірдегідәстүрлеріменәдет-ғұрыптарытуралымағлұматаламыз.

1907 жылы Әбілқайыр ханның ұрпағы, ІІ Мемлекеттік думаның Орал облысынан сайланған депутаты Бақытжан Қаратаев Мемлекеттік думада сөйлеген өткір сөзінде аграрлық және ұлттық мәселелерді қозғап, Қазақстан жеріне орыс және украин крестьяндарын көшіру жөніндегі Столыпин жоспарларының халыққа қарсы екенін ашық айтып, әшкереледі.

2012 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап шығарылған 10 000 теңгелік қазақстандық естелік банкнотасы Халықаралық банкноталар бірлестігі (IBNS) өткізген байқау қорытындылары бойынша «2011 жылдың үздік банкнотасы» атанды.

Тағы да оқыңыз: