Kyzylorda-news.kz. «Тенгиз мұнай компаниясына жұмысқа тұрғызып береміз» деп 16 адамды алдаған қызылордалық алаяқтар ұсталды.

7 мамыр күні 2022 жылы бірнеше облыстың 16 тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігіне арызданған.

Биылғы жылдың наурыз-сәуір айларында екі адам «WhatsApp» месенджері арқылы топ құрамында, ақшалай сыйақымен «Атырау қаласындағы мұнай Тенгиз компаниясына жұмысқа тұрғызып береміз» деп сенімдеріне кіру жолмен ар қайсысынан 150-200 мың теңге көлеміндегі ақшаларын «Каспи» банктегі есеп шоттарына аудартып алған. Бірақ осы күнге дейін уәделерін орындамай ақшаларын қайтармаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық қылмысына күдікті екі әйел анықталып, ұсталды. Олар Қызылорда облысының тумасы болып шықты.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190- бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: