Kyzylorda-news.kz. 6 қазан күні Жер мен Марс бір-біріне өте жақын арақашықтықта орналасады. Қызыл планетаның үлкен және жарық болатыны соншалық, оны Жерден оңай көруге болады.

Осы аптада Марс пен Жер бір-біріне 62,1 млн шақырымға жақындайды. Сонымен қатар Science Alert айтуынша, аспанда жұлдыздар аз болатындықтан, Юпитер мен Сатурнды да көруге болады.

Марс пен Жер эллипс тәрізді орбиталарда орналасқан және кейде бір-біріне өте жақын келуі мүмкін. Әсіресе, Жер Күннен (афелий) алыстағанда, ал Марс Күнге (перигелий) жақын орналасқанда, Жер мен Марс арасындағы арақашықтық азая түседі.

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: