Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні

Теңгенің айналымға енген күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы Жарлығымен 15 қараша – Ұлттық валюта күні, еліміздегі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланды. Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған – Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің кавалері Сауық Тәкежанов еді.

Темекіден бас тарту күні

Әлемнің бірқатар батыс елдерінде жыл сайын қарашаның үшінші бейсенбісінде атап өтіледі. 1977 жылы Америка онкология қоғамы (American Cancer Society) бекіткен.

1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы енгізілді.

2013 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, еңбек сіңірген спорт шебері Виктор Сайко есімі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарында В. Сайко 20 алтын медаль жеңіп алды, екі мәрте Әлем, Еуропа, Азия және Еуразия рекордтарын орнатты.

2013 жылы Ерлан Ыдырысов Қазақстан Республикасының Африка одағындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды.

2016 жылы ҚР Ұлттық банкі 5 мың теңгелік мерекелік күміс монета шығарды. Монетада «Қазақ елі» монументі мен ұлттық киім киген түрлі ұлттардың өкілдері бейнеленген. Монета шығып келе жатқан күннің бейнесімен безендірілген. Оның салмағы 777,5 грамм.

Тағы да оқыңыз: