Kyzylorda-news. kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің, табиғат қорғау прокуратурасы және «Охотзоопром» ӨБ РМҚК қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген рейд кезінде қала орталығындағы көшелердің бірінде 27 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы жеңіл автокөлік тоқтатылды.
Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан 1 бас ақбөкен аңына ұқсас жануардың денесі анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді.
“Күдікті 2 азамат уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, ҚР ҚК-нің 339 – бабымен сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”,- делінген полиция департаментінің хабарламасында.