1992 жылы Қазақстан халықтарының форумы өтті. Онда жаңа қоғамдық институт – Қазақстан халықтарының келісімі мен бірлігі Ассамблеясын құру туралы ұсыныс білдірілді.

2009 жылы АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия ісі бойынша орынбасары Роберт Блейк алғаш рет Орталық Азиядағы бас консулдығын Алматыда ресми түрде ашты.

2011 жылы Астанада Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры мен М. Горький атындағы Орыс драма театрына академиялық дәреже берілді. Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық академиялық драма театры 1991 жылы құрылған. Ал М. Горький атындағы Орыс академиялық драма театрының тарихы 1900 жылдан басталады.

2012 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы жаңа опера және балет театрында ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс барысында «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын таратты.

2013 жылы Қызылорда облысының әкімдігі Фирдоусидің ұлы шығармасы «Шахнама» – 48 дискіден тұратын музыкалық антологиясын шығарды. Шығарманы 1936 жылы Тұрмағамбет Ізтілеуов қазақ тіліне аударған болатын.

Тағы да оқыңыз: