Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 14 cәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Республиканың басым бөлігінде әлі де ауқымды антициклон ықпал етуіне байланысты, басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталынады.
Тек оңтүстікте және оңтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде желдің күшеюі, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады.