14 қаңтар: Ел тарихында орын алған оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

14 қаңтар: Ел тарихында орын алған оқиғалар

14.01.2020, 8:30

286 0

1935 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды. 1938 жылы оған Жамбылдың есімі берілді. Филармонияның алғашқы көркемдік жетекшісі белгілі ғалым, композитор, қазақ музыкасы мен қазақтың халық әуендері туралы көптеген кітаптардың авторы Ахмет Жұбанов болды.

1992 жылы Қызылорда педагогика институтына ежелгі түркілердің ұлы ақыны, әрі композиторы Қорқыт Ата есімі берілді.

1992 жылы КИМЕП университеті құрылды. Республикадағы нарықтық экономиканы дамыту үшін білікті жұмыс күшіне қажеттілік бар екенін жақсы түсінген Мемлекет басшысы АҚШ ғалымдарының бірі Чан Йан Бэнгке Алматыда өзінің жаңа оқу орнын ашуды ұсынды. КИМЭП Университетi оқытушылық құрамы қазақстандық және шетелдік оқытушылардан тұрады, олардың көпшілігі өздерінің магистрлік және докторлық дәрежелерін Еуропа мен Солтүстік Американың жоғары оқу орындарынан алған.

1993 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне өзінің интеллектуалдық әлеуетін толық пайдалану мақсатында өзін-өзі басқаратын автономды мемлекеттік жоғары оқу орны мәртебесі беріліп, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті деп аталды.

1994 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты құрылды. 1998 жылы Беларусь астанасы Минск қаласының бір көшесіне жазушы Мұхтар Әуезовтің есімі берілді.

2000 жылы «Қызылорда-Инновация», «Қызылорда-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары құрылды.

1994 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты құрылды.

2011 жылы 14-15 қаңтарда Қызылордада VII Азия ойындарының алауы жағылды.

2013 жылы Мемлекет басшысы «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚР Заңына қол қойды.


2017 жылы Қызылорда облысындағы Сығанақ, Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-Рабат, Бәбіш-мола, Жент, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдени ескерткіштері және Сауысқандық петроглифтері ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұраларының алдын ала тізіміне енгізілді.

0

Пікір қалдыру