Халықаралық кітап сыйлау күні

2012 жылдан бері жыл сайын тойланып келеді. Бұл күн балаларға кітап сыйлап, олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятатын адамдардың басын қосады. Оған АҚШ-тың қарапайым тұрғыны, балалар кітабы сайтының негізін қалаушы Эмми Бродмур ханым бастамашыл болды.

1992 жылы Мемлекеттік ономастика комиссиясының шешімімен Гурьев облысы мен Гурьев қаласының атауы Атырау облысы және Атырау қаласы болып өзгерді. Ал Павлодар облысының Ермак ауданы Ақсу ауданы аталды.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттікке (МАГАТЭ) кірді.

1997 жылы Ақ үйде Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары президенттерінің кездесуі болды. Келіссөздердің қорытындысына орай, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ әкімшілігінің басшысы Билл Клинтон Демократиялық әріптестік туралы хартияға қол қойды.

2006 жылы Қазалы ауданында тәулігіне 75 тонна күріш салысын өңдейтін «Мерей» кіші кәсіпорны іске қосылды.

Тағы да оқыңыз: