Kyzylorda-news.kz. 13 қараша күні еліміздің оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын болады, солтүстікте көбіне қар түрінде жауады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын болжанады.

Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, түнде және таңертең батыста тұман болжанады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде таулы аудандарда, күндіз солтүстік бөлігінде және оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстік-батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының шығысында, күндіз солтүстігінде көктайғақ, тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ, бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел болады.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Тағы да оқыңыз: