Kyzylorda-news.kz. Қазгидрометтің синоптиктері аптаның соңғы күні, 13 маусымда қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты.

Болжам бойынша, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың батысында бұршақ жаууы мүмкін, тек Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде жел күшейіп, дауыл, шаңды дауыл тұрады деп болжанып отыр.

Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: