13 ақпанға арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

13 ақпанға арналған ауа райы болжамы

13.02.2021, 9:00

324 0

Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болжанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Сонымен кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр, қар түрінде жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшейюі сақталады.

Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарныың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерінде желдің күшейюі күтіледі, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде – жаяу бұрқасын болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз кей жерлерінде – тұман, көқтайғақ.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде – тұман.

Жамбыл облысының кей жерлерінде – тұман, түнде кей жерлерінде – жел 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Түркістан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

0

Пікір қалдыру