Дүниежүзілік радио күні

2011 жылғы 3 қарашада ЮНЕСКО Бас конференциясының 36-отырысында бекітілген. Халықаралық күнді енгізуге Испания бастамашы болды. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1946 жылы дәл осы күні БҰҰ өзінің радиоқызметін – БҰҰ радиосын іске қосқан болатын.

1915 жылы Семейде Еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылды. Сахналанатын пьеса болмағандықтан, спектакльдің әдеби негізі ретінде Біржан мен Сараның айтысы алынды. Айтыстың сахналық жүйесін жасап, спектакльді қойған – Жүсіпбек Аймауытов.

1993 жылы «Қазақстанкаспийшельф» теңіз мұнай кәсіпорны құрылды. Кәсіпорынның негізгі мақсаттары – Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы мұнай-газ қорын анықтау, мұнай операцияларын іске асыру, осы аймақтың биоқорларын, минералдық байлық көздерін ашу және жағалаудағы қайраңдық кен орындарының игерілуін тездету, теңіз байлығын қазіргі заманғы техника мен технологияны, шет елдік компаниялардың әлемдік тәжірибесі мен инвестициясын пайдалана отырып игеру, Каспий маңы аймағының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын жан-жақты дамыту.

1994 жылы АҚШ-қа ресми сапары барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев екі ел арасындағы демократиялық әріптестік туралы хартияға, ғылым мен техника, ядролық қауіпсіздік саласындағы техникалық ақпарат және ынтымақтастық туралы келісімге, Қазақстан, АҚШ және Ресей арасындағы «Инмарсат-3» жасанды спутнигін ұшыруға байланысты технологиялық кепілдіктер туралы үшжақты келісімге қол қойды, ядролық қаруды таратпау туралы шарт ратификацияланды.

2003 жылы Алматыда ҚР Президентінің бастамасымен Бейбітшілік және келісім І халықаралық конференциясы өтті.

Тағы да оқыңыз: